Елімізде теннис спорты қарқынды дамуда.

Сингапурда өткен ATF 12U Team Competition – Supported by KTF, Finals жасөспірімдер арасындағы командалық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық жас теннисшілер лайықты ойын көрсетіп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.

Аталмыш турнирде ел намысын Сырымжан Барлыков, Амирхан Қуанышбеков, Евгений Щетников, Мария Гуля, Влада Дегтярь және Мартина Курбатова қорғады.

Жас спортшылар соңына дейін табандылық танытып, мінез бен командалық рух көрсетті. Бұл болашақ жеңістер үшін мықты негіз болары анық. Аталған нәтиже – жас теннисшілерімізге алдағы уақыттағы жаңа мақсаттарға жету жолында үлкен тәжірибе екені сөзсіз.

Біз бүгінгі бесінші орындардың ертеңгі бірінші орындарға айналатынына сенеміз. Жас спортшыларымыздың табандылығы мен жігері оларды халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетелейді.