Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы.

"Қазгидромет" РМК 17 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда 17 қыркүйек күні ауа райы құбылмалы, жауын-шашынды болады.

Солтүстік Қазақстанда түнде тұман түсіп, кей жерлерде жаңбыр жауады.

Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында да өткінші жауын-шашын күтіледі, күндіз кей өңірлерде найзағай ойнайды. Температура түнде 3-9°, күндіз 14-20° жылы болады.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде – Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Абай облыстарында таулы аймақтарда жаңбыр мен найзағай күтіледі. Тау бөктерінде жел күшейіп, екпіні 15–20 м/с жетуі мүмкін.

Ал Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында негізінен ашық, күндіз 20-25° жылы болады.

Батыс аймақтарда – БҚО, Атырау, Маңғыстау өңірлерінде жауын-шашынсыз болады.

Ақтөбе облысында негізінен бұлтты, бірақ құрғақ. Күндізгі температура еліміздің батысы мен оңтүстігінде 20-26 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.