Бүгін Алматы облыстық соты "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы жеке шағымын қарады. Бұл туралы өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ермегияевтің адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті.

Сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға негіз таппады.

" Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі, тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ", — делінген Алматы облыстық сотының хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұған дейін осы жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан болатын.

Талғат Ермегияев 2016 жылы 9 маусымда ол Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

https://kaz.inform.kz/news/talgat-ermegiyaevke-merzmnen-burin-bosap-shiguga-tagi-da-ruksat-berlmed-97f58a/

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз