Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентке жасаған жұмыс сапары барысында бұл мәдени нысанның қызметімен танысып , жоғары бағасын берді.

Бұрын "Tulip Hall" деп аталған Шымкенттегі жаңа Конгресс-холл енді ұлттық нақыштағы "Қызғалдақ" атауымен белгілі болмақ.

Президент ғимараттың рухани әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс екенін атап, атауға да ерекше мән беру қажет екенін ескертті. Осы ретте, ол шетелше атаудың орнына қазақы "Қызғалдақ" атауын ұсынды.

"Президенттің бұл бастамасы – ұлттық руханиятты жаңғыртып, төл мәдениетімізді заманауи кеңістікпен үйлестіруге бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгеріс – атаудың ғана емес, қоғамдық сананың жаңғыруының да көрінісі", - делінген Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламасында.