Енді бәзбіреуге қайта-қайта қоңырау шалып, мазасын алу да қылмыс саналады .

Елде бүгіннен бастап сталкингке қатысты жаза қатаңдатылды. Бұдан былай заң бұзғандарға айыппұл немесе қамау жазасы қолданылады. Сталкинг — физикалық зорлық-зомбылық болмаса да, адамның психикасына елеулі зиян тигізу дейді мамандар. Яғни, аңду, жеке шекарасын бұзу, қайта-қайта қоңырау шалу. Тіпті әлеуметтік желі арқылы бақылап, берекесін алу да бұдан былай қылмыстың бір түрі екенін біле жүріңіз.

200 АЕК-ке дейін айыппұл — 786 400 теңге

200 сағатқа дейін қоғамдық немесе түзеу жұмыстары

50 тәулікке дейін қамау жазасы