АҚШ президенті The New York Times-ті жала жапты деп айыптап отыр.
Бұл жайлы Американың президенті өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ол басылымнан 15 миллиард доллар өндіріп алмақшы.
Дональд Трамптың сөзінше, газет ондаған жыл бойы президент пен ел туралы жалған ақпарат таратып келді.
– Бүгін мен Радикалды солшыл демократиялық партияның іс жүзінде дауыс зорайтқыш құралына айналған біздің ел тарихындағы ең нашар және азғындаған газеттердің бірі The New York Times газетіне қарсы жала жабу және қорлау бойынша 15 млрд доллар өндіріп алу үшін сотқа шағымдану құрметіне ие болдым, – деп жазды ол.
Сондай-ақ, Трамп басылым редакциясын Демократиялық партия атынан үміткер болған Камала Харристі ашық қолдады деп айыптап, мұны заңсыз сайлау жарнамасы деп атады.