Қаулы ресми түрде күшіне енді.

Қазақстан Үкіметі қаулысымен Оқу-ағарту министрлігіне жаңа міндеттер жүктелді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес, енді министрлік білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларын, жалпы білім берудің барлық деңгейіндегі бағдарламаларды, сондай-ақ техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі оқу орындарына қабылдау тәртібін бекітетін болады. Бұл ретте олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернаттар мен колледждер, сондай-ақ спортқа бейім дарынды балаларға арналған республикалық, облыстық және астаналық мектеп-интернаттар аталған тізімге кірмейді.

Сонымен бірге ведомство білім беру саласындағы өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау қағидаларын әзірлеп, бекітумен айналысады.

Министрлікке мектепке дейінгі, орта, техникалық, кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру жүйесінде, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау саласында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл шараларын қабылдау және осы бағыттағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру міндеті жүктелді.


Оқи отырыңыз: Алматыда Қала күніне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді


Қаулы ресми түрде күшіне енді.

Бұған дейін министрлік жоғары сынып оқушыларына мектеп қабырғасында кәсіби мамандық игеруге мүмкіндік беретін пилоттық жобаны жүзеге асырып жатқанын хабарлаған еді.