20-21 қыркүйекте Алатау ауданында Тәжікстанның Хатлон облысы фермерлерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді.
Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда байланыстарын дамытуға, фермерлерді қолдауға және тұрғындарды жаңа өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
40 фермер 200 тоннадан астам мынадай жаңа өнім әкеледі:
- маусымдық жемістер мен көкөністер;
- табиғи кептірілген жемістер;
- шығыс тәттілері.
Барлығын өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
"Жәрмеңкенің өтетін орны: "Алатау" театрының алдындағы тұрақ (Момышұлы – Универсиадная көшелерінің қиылысы)", – деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.