Бүгін, 16 қыркүйектен бастап дропперлік үшін жауапкершілік қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа 232-1-бабы күшіне енді. Бұл туралы ІІМ-нің ведомстволық сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақпараттық медиа-порталдың жазуынша, мынадай әрекеттер дропперлік болып саналады.
- банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу;
- заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері.
"Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады.
Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді", — деп жазады медиа-портал.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз