2025 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті "Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оларға теңестірілген соттарын тарату және қайта атау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған Жарлыққа сәйкес Қарағанды облысының Шахтинск қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты таратылды.
Таратылған соттың функциялары Шахтинск қалалық сотының қарауына берілді.
Бұған дейін Шахтинск қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының құзыретіне кірген істерді қазіргі уақытта Шахтинск қалалық соты қарайды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.