Абай облысы полиция департаментінің жаңа бастығы болып полиция полковнигі Эльдар Данияров тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков Абай облысы полиция департаментінің жаңа бастығын таныстырған.

Бұл қызметке бұған дейін Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған полиция полковнигі Эльдар Нұрланұлы Данияров тағайындалған.

Таныстыру шарасына қатысқан облыс әкімі Берік Уәли полиция департаментінің жаңа бастығының алдағы жұмысына сәттілік тілеген.

Астана қалалық полиция департаментінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Эльдар Данияров 1982 жылы 23 қарашада Қарағанды қаласында дүниеге келген.

2007 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

2009 жылғы 14 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы ІІМ училищесінің тыңдаушысы.

2009 жылғы 26 қарашадан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті ЖПБ жол полициясы жекелеген мамандандырылған батальонының аға инспекторы.

2010 жылғы 9 желтоқсаннан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің мемавтоинспекторы.

2014 жылғы 27 ақпаннан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан жұмыстары бөлімінің аға мемавтоинспекторы.

2015 жылғы 5 маусымнан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихан бөлімі бастығының орынбасары.

2016 жылғы 16 маусымнан бастап Астана қаласы ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасы тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы.

2019 жылғы 19 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары;

2021 жылғы 23 тамыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Тылмен қамтамасыз ету басқармасының бастығы;

2022 жылғы 22 ақпаннан бастап Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары.

2024 жылғы 9 ақпаннан бастап Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз