Бүгін, 15 қыркүйекте Алматыда жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Көлік газ құбырының тірегіне соғылып, аударылып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында оқиға орнынан видео жарияланды. Бейнежазбада жүк көлігінің қатты жылдамдықпен келе жатып, газ құбырының тірегіне соғылып қалғанын көруге болады.
Алматы қаласы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы бүгін 16:40 шамасында Бостандық ауданында болған.
"Skacman маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Үшкемпіров көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, рөлге ие бола алмай, газ құбырының тірегіне және ағашқа соғылған. Кейін көлік аударылып қалған", — делінген хабарламада.
Полицияның мәліметіне сәйкес, апат салдарынан жарақат алған жүргізуші қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.
Қазіргі таңда Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз