Алматы облысы Райымбек ауданында қыркүйектің 13-і күні кешкілік ауыл әкімі мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді. Қайғылы оқиға Нарынқол-Сарыжаз автожолында орын алған, деп жазады Egemen.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Bestune T55 маркалы көлігін басқарып келе жатқан Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының тұрғыны, 1986 жылы туған Дулат Дәулетәлиев тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Апат салдарынан жүргізуші Д.Дәулетәлиев пен 1991 жылы туған Тұздыбастау ауылының тұрғыны Шоқан Мұхтарбайұлы Өкенов ауыр жарақат алып, Нарынқол аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген. Ал 1987 жылы туған Шыңғыс Мұхтарбайұлы Өкенов алған жарақатынан жолда көз жұмған.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер арасында Талғар ауданының ауылдық округінің әкімі де бар.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысы.