Алматылық клуб ресми мәлімдеме жасады.
"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттері 23 қыркүйекте сатылымға шығады. Матч билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Ticketon және клубтың ресми сайтында сатылады.
Билет бағасы 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін. Бір ЖСН-ға 2 билеттен артық сатып алуға болмайды.
Абонемент иелері өз орындарын алдын ала рәсімдей алады. Ал әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлек билеттер қарастырылған.
"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы матчтар кестесі:
Турнирдің жалпы кезеңінде алматылық клуб 8 ойын өткізеді (4-уі өз алаңында, 4-уі сырт алаңда). Төменде "Қайраттың" толық ойын күнтізбесі ұсынылған.
19 қыркүйек: "Спортинг" – "Қайрат" (00:00)
30 қыркүйек: "Қайрат" – "Реал" (21:45)
21 қазан: "Қайрат" – "Пафос" (21:45)
6 қараша: "Интер" – "Қайрат" (01:00)
26 қараша: "Копенгаген" – "Қайрат" (22:45)
9 желтоқсан: "Қайрат" – "Олимпиакос" (20:30)
20 қаңтар: "Қайрат" – "Брюгге" (20:30)
29 қаңтар: "Арсенал" – "Қайрат" (01:00)