АҚШ президенті бұл туралы Морристаун әуежайында тілшілермен болған сұхбат барысында айтқан.

Арменпресс Трамптың "Израильге Қатар мәселесінде сақ болу керек" деген сөзін нақтылап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Израильдің Қатардағы ХАМАС көшбасшыларына жасаған соққысы туралы не айтар едіңіз?" деген БАҚ өкілінің сауалына: "Мен олардың сақ болғанын қалар едім. Әрине, Израильге ХАМАС-қа қатысты қандай да бір шара қолдану керек. Ал Қатар қашанда АҚШ-тың сенімді серігі болған. Оны көбі біледі, – деп атап өтті Америка көшбасшысы.

Сондай-ақ, Дональд Трамп Қатар әмірі Тамим бин Хамад аль-Танидің өте жақсы адам екенін айтты.

– Оған қазір өзінің абыройына назар аудару керек. Себебі, Қатарда ол туралы елдің пікірі жақсы емес. Ал Израильге және басқаларға да сақ болған жөн, – деп қатаң ескертті Трамп.