Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алғашқы белдесуінде ол ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты. Кездесу 5:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастады.