Қазақстан Ұлттық құрамасы мен алматылық "Қайрат" футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков "Ақтөбеге" қарсы өткен ойында жақ сүйегін сындырып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылғы 14 қыркүйекте Алматыда футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 23-турындағы басты матч өтті. Бұл ойында "Қайрат" командасы Дастан Сатпаевтың жалғыз голының арқасында "Ақтөбені" 1:0 есебімен жеңді. Алайда ойынның 10-минутында алматылық клубтың жұлдызды қақпашысы Темірлан Анарбеков ауыр жарақат алып, алаңнан зембілмен шығарылды. Кейінірек "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Анарбековтің жақ сүйегі сынғанын мәлімдеді.

Матч аяқталғаннан кейін алматылық клубтың Instagram парақшасында жарақат алған қақпашының суреті жарияланып, астына:

"Тез сауығып кет, Темірлан!" — деген тілекпен жазба жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat)

Жанкүйерлер бұл жазба астында "Ақтөбе" футболшыларының әрекетін сынға алып, Анарбековке тезірек сауығып, жасыл алаңға оралуын тіледі.

  • Болмайтын тірлік істеп кетті Ақтөбелік футболисттер
  • Ертен Ақтөбе фанаттары ұялмай Реалмен ойында отырадығой
  • Қазаққа жау керек емес)
  • Ақтөбеліктер бірдеңе дәлелдейміз деп ойлады ау деймін
  • Маңызды ойындар енді басталарда …
  • Қазаққа жау керек емес. Ертең лига чемпионовта ойнайын деп отырған қазақ бауырларын сонша ұрып-соғып, теуіп не көрінді? Іш тарлықтарына сөз жоқ. Ақтөбеде болмап едім, бірақ адамдарынан қазірдің өзінде шошып отырмын…
  • Бүгін Ақтөбе ойыншылары мүлде дұрыс ойнамады. Әдейі итеріп, соғып ойнады. Темірлан сен мықтысың, біз саған сенеміз, жазылып шығасың деген сенім бар. Алда сені Спортинг пен Реалдың матчында еліміздің намысын қорғайды деген сенімдеміз.
  • Жағың сыңсада, сағын сынбасын бауырым!

Бұған дейін "Реалдың" бұрынғы жұлдызы "Милан" сапында А сериясындағы алғашқы голын соққандығын жазғанбыз.