Ливерпульде (Англия) өткен әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған боксшылардың елге қашан оралатыны белгілі болды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Осы ретте Қазақстан бокс федерациясының қызметі ұлттық құраманың үш рейспен оралатынын мәлімдеді. Англиядағы байрақты бәсекеден қайтқан спортшылар Астана, Алматы және Түркістан қалаларына бағыт алады. Рейстердің нөмірі мен келетін уақыты мынадай:
Әйелдер құрамасы
Алматы қаласы
16 қыркүйек 03:35
Рейс TK 350
Ерлер құрамасы
Астана қаласы
16 қыркүйек 07:35
Рейс TK 356
Сабырхандар
Түркістан қаласы
16 қыркүйек 07:35
Рейс ТК 256