ҚР Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 9 қыркүйектегі бұйрығымен Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізімге келесі препараттар қосылды:
- Ондансетрон – 4 мг және 8 мг таблетка;
- Дапаглифлозин – созылмалы жүрек жеткіліксіздігі және бүйректің созылмалы ауруы ауруын емдеуде көрсетілімі бар 10 мг таблетка;
- Ситаглиптин – 50 мг және 100 мг таблетка.
Тізбеден келесі дәрілер алынып тасталды:
- силикондар – ауызша суспензия, 40 мг/мл 30 мл;
- доксазозин – 8 мг таблетка;
- симвастатин – 10 және 20 мг таблетка;
- гидрокортизон – 1% жақпа;
- галотан – ингаляциялық анестезияға арналған 250 мл сұйықтық;
- трамадол – 50 мг капсула;
- парацетамол – ауызша қолдануға арналған ерітінді кемінде 24 мг/мл кемінде 90 мл;
- прамипексол – 0,25 мг және 1 мг таблетка;
- кветиапин – 200 мг таблетка;
- Сальметерол және флутиказон – ингаляцияға арналған ұнтақ 50 мкг/100 мкг 60 доза;
- циклезонид – ингаляцияға арналған аэрозоль 80 мкг/доза 60 доза;
- натрий фолинаты – 100 мг/2 мл және 400 мг/8 мл инъекцияға арналған ерітінді.
Сондай-ақ, "Апалутамид" препаратының әрбір бірлігімен (60 мг таблеткадан) препараттың қосымша 1 бірлігі тегін берілетіні нақтыланады.
Бұдан басқа, жаңа редакцияда Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын медициналық бұйымдардың тізбесі баяндалған.
Бұйрық 2025 жылдың 11 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілді.