Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Қазақстанда жекелген студенттерге оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасынан белгілі болды.

Қазақстанда “әлеуметтік балл” енгізу аясында кей студенттерге жоғары оқу орнын ауыстыруға тыйым салынбақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Басқа ЖОО-ға ауысу үшін студенттің академиялық қарызы болмау қажет.

“Бұйрық жобасына мынадай өзгерістер енгізу жоспарланып отыр: 1, 17, 18, 23, 24, 29, 30, 32, 46, 50, 65-тармақтарына редакциялық түзетулер енгізу, сондай-ақ 30 бен 35-тармағына жасанды интеллектке қатысты талаптарды қосу көзделген. Академиялық қарыз болған жағдайда білім грантын басқа ЖОО-ға аударуға болмайды”, – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасында.

Құжатқа сәйкес, 40-тармаққа оқу жетістіктерімен қатар студенттің қоғамдық, ғылыми, волонтёрлік, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуын ескеретін әділ және объективті бағалау жүйесін құру туралы ережені енгізу ұсынылады. Ал 55-тармаққа жоғары оқу орындарындағы тәрбие жұмысына қатысты ережелерді енгізу жоспарланды.

“Бұйрық жобасының мақсаты – студенттердің қоғамдық өмірге және волонтёрлік қызметке қатысу дәрежесін анықтау үшін әлеуметтік орташа баллды енгізу. Студенттердің оқу жетістіктерінен бөлек олардың қоғамдық белсенділігі, ғылыми-зерттеу дағдылары, облыстық және республикалық деңгейдегі волонтёрлік қозғалыстарға қатысуы ескеріледі”, – делінген құжатта.