Медициналық мекеме осы жылдың үшінші тоқсанында толық пайдалануға беріледі.

Ақмола облысында мемлекетке қайтарылған қаражаттың бір бөлігі әлеуметтік жобаларға бағытталды. Соның нәтижесінде Пятигорское ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жарқайың ауданының прокуроры Олжас Уәлиев жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірге құрылыс нысанында болып, жұмыстардың барысымен танысты.

Прокуратураның мәліметінше, амбулатория алты елді мекеннің 1800-ден астам тұрғынын алғашқы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған.


Оқи отырыңыз: Алматы облысында бос жұмыс орындарының саны 387,5%-ға артты


Жоспар бойынша, медициналық мекеме осы жылдың үшінші тоқсанында толық пайдалануға беріледі.