Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ресейлік еркін күрес шебері Аманула Гаджимагомедов 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда ирандық Амирхоссейн Фирузпурбандпейді жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz жазуынша, бұл нәтиже қазақстандық балуан Камиль Куруглиевке, ширек финалда Гаджимагомедовке жол бергеніне қарамастан, жүлде үшін күресуге мүмкіндік береді – ол қола медаль үшін жұбаныш белдесулеріне қатысады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Magomed Kurugliyev (@magomedkurugliyev)

Бұл – 20 жастағы Камильдің ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты. Ол – еркін күрестен әлем чемпионатының жүлдегері Магомед Куруглиевтің ұлы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аманула Гаджимагомедов (@ama_007m)

Бұған дейін бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде жеңіске жеткенін жазғанбыз.