Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан құрамасы бұл әлемдік турнирде 10 медаль жеңіп алды, оның жетеуі – алтын, біреуі – күміс және екеуі – қола медаль.
Екінші орынға 11 медальмен Өзбекстан құрамасы жайғасты. Көрші елдің қоржынында алты алтын, екі күміс, үш қола медаль бар.
Үздік үшікті екі алтын, бір күміс және бір қола медальмен Үндістан құрамасы түйіндеді.
Қазақстанға алтын медаль сыйлаған боксшылар:
- Алуа Балқыбекова (51 келі);
- Санжар Тәшкенбай (50 келі);
- Махмұд Сабырхан (55 келі);
- Аида Әбікеева (65 келі);
- Наталья Богданова (70 келі);
- Төрехан Сабырхан (70 келі).
- Айбек Оралбай (90 келі).
Ал 48 келіде ел намысын қорғаған Назым Қызайбай күміс жүлдегер атанса, 60 келіде сынға түскен Виктория Графеева мен 80 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Елдана Тәліпова әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от World Boxing (@officialworldboxing)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз