Түркия үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

NTV Haber телеарнасының мәліметінше, балалар жасаған қылмыстарға қатысты құжаттармен жұмыс аяқталды. Олардың ішінде 16 жасқа толмаған адамдарға әлеуметтік желілердегі аккаунттарды пайдалануға тыйым салатын тармақ бар.

Түркия НАТО блогының мүшесі болып табылады. Шілде айында альянстың басқа қатысушы елі – Ұлыбританияда "Интернеттегі қауіпсіздік туралы Заңның" жаңа ережелері енгізілді. Енді сайтқа кірушілердің жасын тексеру тетіктері міндетті болып табылады.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі өскендігін жазған болатынбыз.