Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев планета біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған қазақ боксшыларын құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда жазды.

"Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатында ұлттық құраманың жеңіс жолын Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Төрехан Сабырхан, Наталья Богданова, Айбек Оралбай жалғастырды. Қазақ боксшылары әлем біріншілігінде керемет нәтиже көрсетті. Әйтсе де алдымызда АҚШ-та өтетін Олимпиада ойындары күтіп тұр. Соған қазірден бастап дайындалу қажет. Қазақ бокс мектебінің мерейі әрдайым үстем болсын!" – деп жазды Президент Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Бұған дейін бокстан әлем чемпионатында алтыншы "алтынды" қазақстандық Наталья Богданова жеңіп алғаны хабарланған еді.