Жаңа рөлдерге бөлу алдында қызметкерлерге кешенді тест тапсыру ұсынылған.

Миллиардер Илон Маск құрған xAI компаниясы Grok жасанды интеллект моделін оқытуға жауапты командада ауқымды қайта құрылымдау жүргізді, деп хабарлайды 24.kg басылымы Business Insider ішкі хат алмасуға сілтеме жасап.

Қысқарту нәтижесінде деректерді құрылымдау және жіктеумен айналысқан кемінде 500 қызметкердің жұмысы тоқтатылды. Бұл өзгерістер компания стратегиясының қайта қаралуымен байланысты: енді xAI әмбебап мамандардың орнына тар бағыттағы жоғары білікті сарапшыларды жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар компания ЖИ оқыту тобының санын қазіргі құрамынан он есеге арттыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Жаңа рөлдерге бөлу алдында қызметкерлерге кешенді тест тапсыру ұсынылған. Тест сұрақтары жаратылыстану ғылымдары мен бағдарламалаудан бастап, қаржы, медицина, чат-боттардың қауіпсіздігі мен мінез-құлқын бағалауға дейін қамтиды.

xAI – 2023 жылы Илон Маск негізін қалаған компания. Ол жасанды интеллектке арналған ақпараттық инфрақұрылым жасаумен қатар, генеративті чат-бот Grok әзірлеумен айналысады.