Отандасымыз Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Ол 48 келідегі ақтық бәсекеде үндістандық Минакши Минакшиге есе жіберді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Финалдық жекпе-жек өте тартысты өтті. Алғашқы раундта үнді спортшысы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде тәжірибелі қазақстандық боксшы қарқынын үдетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Дегенмен шешуші сәтте төрешілердің бірауызды шешімі бойынша жеңіс Минакшиге берілді.
Осылайша, Назым Қызайбай төрт дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері атанып, өзінің тұрақты жоғары деңгейдегі өнерін тағы бір мәрте паш етті.