Әлеуметтік желілерде Алматыдағы автобус аялдамасының қасында үш ер адамның жол бойында жұдырықтасып қалған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл бейнежазбаны Алмалы ауданы полиция басқармасының қызметкерлері де назарға алған. Қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төбелеске қатысушылар анықталып, олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жанжалға қатысқандардың әрқайсысы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, Алматы полициясы қала тұрғындарын қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, өзара құрмет пен мәдениеттілік танытуға шақырады", — делінген Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.