Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Кроуфорд әйгілі “Канелоны” жеңіп, бокстан абсолютті әлем чемпионы атанды

Америкалық Теренс Кроуфорд әйгілі мексикалық боксшы Сауль “Канело” Альваресті жеңіп, оның абсолютті әлем чемпионы атағын тартып алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қос спортшының қақтығысы Лас-Вегас қаласында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды. Альварес пен Кроуфордтың кездесуі он екі раундқа созылды. Алғашқы минуттардан бір-бірінің осал тұсын табуға тырысқан боксшылар жойқын соққылармен алмасты. Алайда бірінші раундта асқан белсенділік таныта алмады.

Жекпе-жек нәтижесінде америкалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (116:112, 115:113, 115:113).

Осылайша, Теренс Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды. Оған қоса спортшы өзінің рекордын сақтап қалды. Ол кәсіпқой рингтегі 42 жекпе-жегінде де жеңімпаз болды, оның 32 кездесуін нокаутпен аяқтаған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз