Қазақстандық танымал боксшы Иван Дычко алғаш рет кәсіпқой бокста жеңіліс тапты. Отандасымыз Лас-Вегас қаласында өткен турнирде америкалық спортшыға есе жіберді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дычко Сауль "Канело" Альварес пен Теренс Кроуфорд жекпе-жегінің андеркардында жұдырықтасты.

Жекпе-жек жоспарланғандай он раундқа созылды. Қазақстандық боксшы қарсыласына көбірек соққы жұмсауға күш салды. Дегенмен төрешілер жеңісті АҚШ боксшысына беруді шешті.

Айта кетейік, бұған дейін Иван Дычко барлық қарсыласын тізе бүктірген еді. Отандасымыз соңғы жекпе-жегін шілде айында өткізді. Боксшы америкалық Сэмюэл Кроссдты (11-5-1, 7 КО) нокаутқа жіберіп, жеңімпаз атанды.

Ал Джермейн Франклин 2024 жылдың мамыр айынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол жолы алтыншы раундта отандасы Девин Варгасты (23-11, 10 КО) мерзімінен бұрын жеңген еді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз