Бүгін, 2025 жылғы 13 қыркүйекте Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында жол бойында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Рашидов көшесінің жол бойында жеңіл автомобиль өртеніп, кейіннен газ-ауа қоспасы жарылды.

ТЖМ құтқарушылары көбікті оқпан атып, өртті толығымен жойды. Себебі анықталуда.

"Оқиға салдарынан бір адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды",- делінген ақпаратта.

ТЖМ автокөлік салонында өрт сөндіргішті ұстауға кеңес береді!

Бұған дейін Шымкентте көлік газ құбырына соғылып, мыңдаған тұрғын газсыз қалғанын жазғанбыз.