Бүгін, 13 қыркүйекте, Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшылар алты жекпе-жек өткізеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, 20 спортшының ішінен 8 қазақстандық боксшы жартылай финалға жетті. Ал алтын жүлде үшін финал айқастар бүгін және ертең өтеді.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі (ӘЧ-2025):
12 қыркүйек. Күндізгі сессия (16:00)
1/2 финал, әйелдер, 48 кг: Назым Қызайбай (Қазақстан) – Сабина Бобокулова (Өзбекстан);
1/2 финал, ерлер, 50 кг: Санжар Тәшкенбай (Қазақстан) – Алехандро Кларо Физ (Куба);
1/2 финал, ерлер, 55 кг: Махмұд Сабырхан (Қазақстан) – Лю Чуанг (Қытай).
12 қыркүйек. Кешкі сессия (22:00)
1/2 финал, әйелдер: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) – Ксиню Лю (Қытай);
1/2 финал, әйелдер: Наталья Богданова (Қазақстан) – Шантель Рейд (Англия);
1/2 финал, ерлер: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Одель Камара (Англия).
Қайдан көруге болады:
Әлем чемпионатының барлық жекпе-жегін Қазақстанда Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Сондай-ақ, трансляция арнаның сайтында қолжетімді болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!