Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері тамаша өнер көрсетуде.
Виктория Графеева 60 келіде әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте бразилиялық Ребека де Лима Сантосқа 4:1 есебімен жол берді.
Елдана Талипова Польша боксшысы Агата Кацмарскаға 0:5 есебімен жол берді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны екінші қола жүлдемен толықты.
65 келідегі Аида Әбікеева ирландиялық Грэйн Мари Уолшты 5:0 есебімен жеңіп, қазақстандық боксшылар арасынан алғашқы болып әлем чемпионатының финалына шықты.
Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионатының жартылай финалында Айбек Оралбай кубалық Хулио цезарь Ла Крузды 3:2 есебімен жеңді. Енді финалда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырық түйістіреді.
Ал бүгін қазақстандық бокшылардың қатысуымен тағы бірнеше жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.
13 қыркүйек 1/2 финал
Күндізгі сессия, 16:00
48 келі. Назым Қызайбай — Сабина Бобокулов
50 келі. Санжар Тәшкенбай - Алехандро Кларо Физ
55 келі. Махмұд Сабырхан - Лю Чуанг
Кешкі сессия, 22:00
51 келі. Алуа Балқыбекова - Ксиню Кю
70 келі. Наталья Богданова - Шантель Рейд
70 келі. Төрехан Сабырхан - Одель Камара
Айта кетейік, Ливерпульдегі әлем чемпионатына барлығы 20 қазақстандық былғары қолғап шебері қатысты. Ертең, 14 қыркүйек соңғы жарыс күні финалдық айқастар өтеді.