13–14 қыркүйекте Индонезия астанасы Джа­картада жас­тар арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Жарыста еліміздің намысын 18 балуан қорғайды.

Ерлер бәсекесінде Дәрмен Есенгелді (60 кг), Қайрат Жеңіcұлы (60 кг), Әли Болат (66 кг), Ерасыл Ержанов (66 кг), Ернар Кеңесқан (73 кг), Сапарғали Салхан (81 кг), Егор Раков (90 кг), Ерасыл Нұртаза (100 кг), Бейбарыс Сұлтан (100 кг) күш сынасса, қыздар арасындағы сайысқа Іңкәр Құралбай (48 кг), Сара Шұғаева (52 кг), Гүлхан Шыңғысхан (52 кг), Карина Қаракенова (57 кг), Дамеля Асылханова (63 кг), Шынар Бітімбай (70 кг), Салтанат Ахметова (78 кг), Көркем Бақытбек (78 кг), Томирис Ерғали (78 кг) қатысады.

Былтыр Душанбеде өткен дүниежүзілік додада еліміздің жас­тар құрамасы қос қола медаль жеңіп алды. Тәжікстан астана­сын­да Талғат Орынбасар (60 кг) мен Азат Күмісбайдың (81 кг) қан­жығасы майланды. Биыл Бол­гарияның бас қаласы Софияда жалауы желбіреген жасөспірімдер арасындағы жарыста жерлестері­міз бес жүлде олжалады. Атап айтсақ, Ернұр Батырғали (60 кг) – алтын, Мұхаммедәли Жылқай­дар (66 кг) – күміс, Арман Мыса (50 кг), Ролан Қайырғали (66 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) қоланы қор­жынға салды. Дзюдошылары­­мыз Джакартада жоғарыда көрсетіл­ген нәтижелерді жақсартады деп үміттенеміз.