Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың төраға­лығымен Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларды талқы­лауға арналған актив отырысы өтті.

Жолдауда айқындалған ел экономикасын дамытудың жеті негізгі бағыты аясында әкім өңірде атқарылып жатқан және алдағы жұмыстарға назар аударды. Маңғыстау облысында инвестиция тарту, бизнес-ортаны және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша белсенді шаралар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, алдағы уақытта ірі қытайлық компания­лармен жасалған келісімдер аясында көлік және логистика, машина жасау, цифрландыру және балық шаруашылығы салаларында инвестициялық жобалар іске асырылмақ.

Әкім Жолдауда аталған көлік-логистика саласын дамы­туға қа­тыс­ты жобаларға да тоқталды. Бү­гін­де Мемлекет басшы­сының қол­­­дауымен Ақтау портында кон­тейнерлік хабтың бірінші кезе­ңі іске қосылды. Ал 2028 жыл­ға қа­рай қуаты 11 млн тонна бо­ла­тын «Саржа» теңіз терминалы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Ақтау халықаралық әуежа­йын­да құны 1 млрд долларды құ­рай­­тын логистикалық және авиа­ция­лық хабтың құрылысы басталады.

Сонымен қатар өңір басшысы туризм саласының Жол­даудағы басым бағыт­тардың бірі екенін атап өтті. Осыған орай, 2025–2029 жылдары жалпы құны 193 млрд теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылады. Бұл қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Боз­жыра, Шерқала, Айрақ­ты, Кендір­лі және Жылы жағажай туристік ай­мақ­тарында эколо­гия­лық және жағажай туризмін дамы­туға басымдық беріліп отыр.

Облыс әкімі Жолдауда бел­гі­ленген міндеттерді тиімді орын­дау үшін мәслихат, атқа­ру­шы билік және азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді жұ­мыс­тың маңыздылығын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Жолдауда ел дамуының жаңа басымдықтарын айқындап берді. Маңғыстау облысы көлік-логистика саласында мемлекеттің экономикасы үшін ерекше маңызға ие. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы саланың маңыздылығын атап, дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар Бейнеу мен Сексеуіл арасындағы автожол құрылысын аяқтау тап­сы­рылды. Аталған бағыт арқы­лы жүк тасымалын оңтай­ландыруға және Алматы – Бейнеу – Сексеуіл көлік желісін дамытуға мүмкіндік туады. Жобаның басты мақсаты – еліміздің оңтүстік және батыс өңір­лері арасындағы байланыс­ты нығайту, экономикалық ин­теграцияны қолдау. Өңір әле­уетін тиімді пайдалану – біз­дің басты міндетіміз. Қазір мақ­сатымыз – халықпен бірге осы бастамаларды жүзеге асырып, өңірдің тұрақты дамуына қол жеткізу, – деді Н.Қилыбай.