Боксшы Назым Қызайбай украиналық былғары қолғап шеберін жеңіп, Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлем біріншілігінде 48 келіде өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай ширек финалда Украина өкілі Ханна Охотаны 5:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Оның қарсыласы алдағы жекпе-жекте анықталады. Назым финал жолдамасы үшін 13 қыркүйекте жекпе-жек өткізеді.

Айта кетейік, бүгін Назымнан бөлек, тағы бес қазақ боксшысы шаршы алаңға шығады. Олардың төртеуі финал жолдамасын сарапқа салады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз