Жетісу облысының аумағына жүргізілген ғарыштық мониторинг нәтижесінде биыл 146 қоқыс үйіндісі анықталған.
Жергілікті атқарушы органдар соның 111-ін тазалап, аумақты ретке келтірді. Экология департаментінің қызметкерлері атқарылған жұмысты саралау мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында рейд ұйымдастырды. Сала қызметкерлері облыс орталығына жақын әкімшілік аумақтарды аралады. Анықталған кемшіліктер бойынша жауаптыларға тиісті нұсқама берілді.
Азамат Нұрланұлы, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
- Қыркүйек айының соңына дейін барлық жергілікті атқарушы органдары қоқыс үйіндісін жоюға міндетті. Жойылмаған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес лауазым иелері жауапкершілікке тартылады.