Эльбрустағы аспалы жолда болған апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, апатқа себеп болған – тіректердің біріндегі роликтен тростың шығып кетуі.

Қазір жарақат алған адамдарды ауруханаға жеткізуге дайындық жүргізіліп жатыр.

"Эльбрустағы аспалы жолдағы апаттан кейін адамдарды эвакуациялау ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындап жатыр", – делінген ақпаратта.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, қаза тапқан екі адамның екеуі де аспалы жолды сынақтан өткізушілер болған. Олар оны жөндеп, қысқы маусымға дайындауды жоспарлаған.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарауда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от СМИ zakon.kz (@zakon.kz)

Бұған дейін Шымбұлақта кісі толы аспалы кабина бұзылып, көкте қалып кеткенін жазғанбыз.