Йеменде Израиль соққысынан құрбан боллғандар саны 10 қыркүйекте 46 адамға жетті, 165 адам жарақат алды. Бұл туралы хуситтердің бақылауындағы SABA агенттігінен мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Анадолыға сілтеп.

Агенттік таратқан деректерге қарағанда, Сана мен Джауф провинциясына жасалған шабуылдар салдарынан мерт болғандар арасында 5 бала мен 11 әйел бар. Зардап шеккендердің ішінде 31 нәресте және 29 әйел бар.

Осыған дейін Израильдің Йемен астанасы Санаға және Джауф провинциясындағы қалаға жасаған соққысынан 35 адам мерт болып, 131-і жарақат алғаны хабарланған болатын.