Жоба Әділет және Цифрлық даму министрліктерінің бірлескен бұйрығымен бекітілді .
Қазақстанда екінші нарықтағы үйлерді рәсімдеуге арналған "Цифрлық ипотека" пилоттық жобасы іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Енді жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату жөніндегі нотариалдық мәмілелерді толықтай онлайн рәсімдеуге болады.
Жаңа жүйе ипотекалық несиеге өтінім беруден бастап, тұрғын үйді рәсімдеуге дейінгі барлық процесті қамтиды. Азаматтар банк сайты немесе мобильді қосымша арқылы "Цифрлық ипотеканы" таңдап, онлайн калькуляторда үйдің құны, бастапқы жарна және несие мерзімін енгізеді. Ай сайынғы төлем автоматты түрде есептеліп көрсетіледі.
Өтініш беруші ЖСН мен телефон нөмірін енгізіп, SMS арқылы растау жасайды. Осылайша келісімдерге қол қойылып, сатып алу-сату шарты электронды түрде рәсімделеді.
Бұл бастама тұрғын үй нарығында рәсімдерді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.