Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы өтті. Бастаушы ауылында өткен шараға 50-ден астам тұрғын қатысып, Абай көшесі мен ескерткіштер аумағы қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде 9 тоннадан астам қалдық шығарылды .
Жалпы республика бойынша акция аясында мыңнан аса аумақ абаттандырылып, 160 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Сонымен қатар, өзен, көл жағалауларында санитарлық жұмыстар жүргізілді. Соның ішінде Каспий теңізі жағалауы, Балқаш пен Зеренді көлдері, Кеңгір су қоймасы, Ертіс, Нұра, Есіл, Талас өзендері және басқа да су айдындары қамтылды.