Әли Оқапов өзінің ең үлкен қорқынышы туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер жұлдызы Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Айтуынша, ол үшін ең ауыр соққы – дауысынан айырылып қалу қаупі.

– «Мұндай жағдайды бастан кештім. Дисфония деген сырқат бар. Маған ол алты жыл бұрын пайда болды, әлі де бар. Қазір сонымен күресіп жүрмін. Соңғы бірнеше жылда 5-10 пайызға жақсарып келеді. Соған бейімделіп, қайта ән айтуға үйрендім. Бұл өте сирек кездесетін ауру. Себебі белгісіз. Біреулер мұны психологиялық күйзелістен дейді. Кей адамдарда жұмыс, отбасы, жеке өмір бөлек болады. Ал менде бәрі өнермен байланысқан: отбасым да, махаббатым да, достарым да, өмірім де – өнер. Сондықтан кез келген мәселе бірден барлығына әсер етеді. Жеке өмірімде үлкен қиындық болды, оның салдары жұмысым мен отбасымның да өміріне ықпал етті», – деді әнші.