Zakon.kz хабарлағандай, 2025 жылдың 11 қыркүйегінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу жүйесі жеңілдетілгеніне тура бір ай болғанын еске салды.
Бұған дейін электронды цифрлық қолтаңба кілтін онлайн да, ХҚКО-ға барып та алуға болатын. Ал 11 тамыздан бастап ЭЦҚ беру рәсімі толықтай онлайн-форматқа ауыстырылды.
Осыған байланысты НИТ бейненұсқаулықты тағы да көрсетті:
"Электронды цифрлық қолтаңба – бұл сіздің жеке қолыңыздың цифрлық баламасы. Ол жеке басыңызды растайды және құжаттарды электрондық форматта куәландырады. ЭЦҚ-ның заңды күші бар және ол онлайн мемлекеттік қызметтерді алу үшін кеңінен қолданылады", – деп түсіндірді қазақстандықтарға.
Алайда қауіпсіздік шараларын есте сақтау қажет:
- ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- оларды қорғалған жерде сақтаңыз;
- күрделі әрі бірегей құпиясөздер қолданыңыз;
- кілттердің өзектілігін үнемі тексеріп, қажет болған жағдайда кері қайтарып отырыңыз.
"Бөгде адамның ЭЦҚ-сын беру немесе пайдалану – екі тарапқа да: берген және қабылдаған адамға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", – деп қосты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Egov.kz (@egov.kz)