"Қазгидромет" РМК 12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

12 қыркүйекте Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел күтіледі, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.

Ақмола облысында кей уақыттарда тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады

Батыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, түнде екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстіктен, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз