Батыс Қазақстан облысында екі бухгалтер сотқа тартылды. Оларға аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдік келтірілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" басылымының мәліметінше, мемлекеттік мекеменің бас бухгалтері мен бухгалтері 2023 жылдан 2025 жылға дейін қылмыстық сөз байласып, "өлі жандарға" жалақы түрінде ай сайын ақша аударып отырған. Кейін бұл қаражат өздерінің банк карталарына түсіп отырған. Олардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекетке 45,9 миллион теңге көлемінде залал келтірілген.
"Теректі ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу аяқталды. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде кінәлі тұлғалар анықталып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді", – деп хабарлады Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі доллар бағамын пессимистік сценарий бойынша атаған болатын.