Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Мәжілістегі брифингте Парламенттің қызметіне жұмсалатын мемлекеттік бюджет шығындары туралы айтты, деп хабарлайды Egemen .kz.

Оның айтуынша, 2026 жылы Парламент қызметін қамтамасыз етуге шамамен 7,8 млрд теңге бөлінеді.

«Бұл қаражат депутаттарды, сондай-ақ Сенат пен Мәжілістегі саяси мемлекеттік қызметшілерді және Парламенттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін қамтамасыз етуге бағытталады. Яғни бұл толықтай еңбекақы қоры үшін жұмсалады», деп түсіндірді Абзал Бейсенбекұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және республикалық бюджет пен облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларының таныстырылымы өткен еді.