Бұл елде мақта теру науқаны басталды.
Түркіменстан президенті Сердар Бердымухамедов үкіметтің соңғы отырысында барлық уәлаяттарда мақта теру жұмыстарын 10 қыркүйектен бастауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау министрлігі 8 қыркүйекте тиісті науқанға медициналық қызметкерлер, соның ішінде дәрігерлер тартылатыны туралы нұсқаулықтар жолдаған. Лебап уәлаятының денсаулық сақтау басқармасы аймақтағы аурухана мен емханаларда жұмыс істейтін дәрігерлерге, медбикелерге, санитарларға және техникалық қызметкерлерге күніне 45 келі мақта теру керек екенін бекіткен.
Басылымның жазуынша, Түркіменабадтағы жаңа көпсалалы аурухана мен жұқпалы аурулар ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлерді түнгі кезекшіліктен кейін мақта теруге жіберіп отыр. Олар келіспеген жағдайда өз ақшасына жұмысшы жалдай алатыны туралы айтылған. Оған күнделікті 50 манат кетуі мүмкін.
Мақта теруге жұмылдырылған дәрігерлердің негізгі міндетін зейнет жасына жақындаған немесе зейнетке шыққан медицина қызметкерлері істеп жатқаны жазған.
Биыл уәлаяттардың басшылары тамыз айының ортасында диқандарға мақта теруді бастауды тапсырған. Олар осылайша 27 қыркүйек, яғни Тәуелсіздік күніне дейін өнімді тапсыруды көздеп отыр.