Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Әшімбаев Сенаттың тағдыры жайлы әзіл айтып, өз болашағына пікір білдірді

Парламент реформасы туралы Президент Тоқаевтың ұсыныстары қызу талқыланып жатқан сәтте Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пленарлық отырысты әзілмен бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әшімбаев залға 09:59-да кірген.

Депутаттар оны телефонға түсіріп жатқанда ол жымиып:

«Әлі естелікке суретке түсіретін уақыт емес», – деді.

Бұл сөз әріптестерін күлдірді. Айта кетсек, бұған дейін Сенаттың болашағы жайлы түрлі пікір айтылып келген.

26 маусымда Ашимбаев бұл тақырыпқа қатысты:

«Уақыт өте ақпараттық кеңістікте мұндай әңгімелер көтеріледі. Кейде оқып, тыңдау да қызық. Бірақ аймақтар мен әлеуметтік топтардың мүддесін қорғау тұрғысынан біз жұмысымызды жақсы атқарып отырмыз», – деп мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге одан «реформа жасалса, болашақта өзіңізді Парламентте көресіз бе?» деген сұрақ қойылды.

«Мені Президент тағайындады. Өкілеттігімнің мерзімін де сол анықтайды. Қазір біз үшін бастысы – Жолдаудан туындайтын заңдарды қабылдау. Ал ары қарай… бұл болашақтың еншісінде», – деді спикер.

Оның айтуынша, Сенат пен Мәжіліс әлі кемінде екі жыл қазіргі форматта жұмыс істейді. Кейін халықтық референдум бәрін айқындайды.