11 тамыздан бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны алу тәртібі өзгерді. Бұдан былай азаматтар ЭЦҚ-ны тек онлайн форматта ғана ала алады. Бұл ақпараттық қауіпсіздікті арттыру және жеке тұлғалардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қабылданған. Ал енді цифрлық қолтаңбаны қалай алу керек? Мұны «білген абзал».