Шығыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы аясында заңсыз кен өндіру ісі әшкереленді, деп жазады Egemen .kz.
Полиция таратқан мәліметке сәйкес, облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының екі тұрғыны қолға түсті. Оқиға орнынан қымбат металдарды өндіруге пайдаланылған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және құрамында алтын мен өзге де бағалы элементтер бар металл бұйымдар тәркіленген.